Сабақтың тақырыбы: Жер асты су. Құдық.
Сабақтың мақсаты: жер асты суының пайда болуы және оның шаруашылықтағы маңызын түсіндіру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ақылды тақта, қосымша дәптер. т. б.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық жаттығу.
Мұғалімнің сұрағы, оқушының жауабы.
Әрбір адам? досым, сыныптасым.
Әрбір сабақ? үйрену, оқу, іздену.
Әрбір ісің? тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? шындық, бірлік, адалдық.
3. үй жұмысын тексеру.
Адасқан әріптерден сөз құра.
Тұбл (бұлт) осы сөзден кейін оқушылар сабақ айта бастайды.
Мақал - мәтелге назар аударайық.
Жаңбыр - жауса жер ырысы. осы мақалдың мағынасын ашу.
Жауын - шашын туралы сабақ айтылады.
Жұмбақты шешу.
Жылт - жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
4. Кластер балық сүйегі қорытындылау. су туралы сұрақ - жауап аламын.
Бүгін жер асты суы құдық деген тақырыппен танысамыз, онда жер асты суының пайда болуы және оның шаруашылыққа пайдасымен танысамыз, құдықтың түрлерімен танысамыз, адамның тіршілік ету барысындағы жер асты суының маңызы туралы айтамыз. Оқушылар айтады мақсатын айтады.
Қалай ойлайсыңдар. Жер асты сулары қалай қалыптасады?
Суды қалай аламыз?
Ауылдағы адамдар суды қайдан алады?
Оқулықпен жұмыс жасайды. Оқулықты оқиды.
Бөлімдерге бөліп оқу. талданады.
Тапсырмалар беріледі.
1-деңгей: динамикалық диктант. бұл тапсырмада оқушылар тек қана қосу мен алу таңбасымен белгілейді.
Суды жақсы өткізетін
құм +
малтатас +
саз -
Судың күйін белгіле
сұйық +
тас -
бу +
Су өткізбейтін қабат
Гранит +
Қатты тау жыныстары +
қиыршықтас -
2-деңгей: биологиялық диктант.
Жер асты суларының негізгі көзі жауын - шашын............... суы.
Топырақтағы еріген минералды заттары бар суды.......... тамыры арқылы сіңіріп, жапырағы арқылы буландырады.
Топырақ қабатынан өткен.......... сүзіліп тазарады.
Терең қабаттарға жиналған жер асты суын........ қазу арқылы пайдаланады.
Керек сөздер: қар, өсімдік, су, құдық.
Мен үшін қызық!
Бір терек өзі жазда2000 литр суды тамыры арқылы сіңіріп, жапырағы арқылы буландырады.
Оқушыларға сұрақ қойылып мадақтап, бағалаймын.
Жер асты суы. Құдық
Сабақтың тақырыбы: Жер асты су. Құдық.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз664 қаралым
#құдық#бастауыш#дүниетану#жер асты суы
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

