Jet Finance компаниясы Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (АМФОК) «Кәсіпкерлікті дамыту және ШОБ-ты қолдау бойынша үздік микроқаржы ұйымы» аталымындағы марапатына ие болды. Марапаттау рәсімі 21 қыркүйекте Алматыда, The Ritz-Carlton алаңында, Орталық Азия микроқаржы форумы аясында өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Марапатты Өзбекстан микроқаржы институттары қауымдастығының атқарушы директоры Миралазиз Сарикович Умаров табыс етті. Jet Finance атынан оны компанияның бас директорының орынбасары Арслан Казез жеке қабылдады.

АМФОК шешімі Jet Finance портфелінің жеке кәсіпкерлік сегментіндегі көрсеткіштеріне негізделген. Бір жыл ішінде — 2025 жылғы 31 шілдеден 2026 жылғы 31 шілдеге дейін — расталған жеке кәсіпкерлердің кредиттік портфелі 8,58 млрд теңгеден 10,03 млрд теңгеге, яғни 16,8%-ға өсті. Сол кезеңде компанияның жалпы кредиттік портфелі 39,87 млрд теңгеден 49,17 млрд теңгеге — 23,3%-ға ұлғайды. Жеке кәсіпкерлер портфелінің ең үлкен үлесін тұрақты түрде сауда құрайды — екі есепті күнде де 37%-дан астам, екінші орында қызмет көрсету саласы тұр.

«Бұл марапат — бір реттік акцияның емес, көп жылдар бойы ШОБ сегментімен жүргізілген жүйелі жұмыстың мойындалуы. Бүгінде кәсіпкерлер бизнесті өсірудің нақты міндеттері үшін ірірек қаржыландыру алып жатқанын көріп отырмыз, ал біздің міндетіміз — оларға капиталға ашық әрі түсінікті шарттармен қол жеткізуді қамтамасыз ету», — деді Jet Finance бас директорының орынбасары Арслан Казез.

АМФОК форумы — Орталық Азияның микроқаржы нарығы қатысушыларының, реттеушілерінің және инвесторларының диалогына арналған жыл сайынғы алаң. Биыл форум аясында Jet Finance және Yusr компанияларының Group CFO Никита Вильгельм қатысқан, микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру нарығы мен инвесторлардың күтулеріне арналған панельдік сессия да өтті.

Jet Finance — ұзақ мерзімді дамуға және жауапты қаржыландыруға бағытталған финтех-кредитор. Компания 2018 жылы құрылып, содан бері басқару моделінен бастап технологиялық платформа мен өнімдік стратегияға дейін ауқымды трансформациядан өтті. Бүгінде Jet Finance тәуекел-менеджмент, IT және корпоративтік басқару саласындағы озық халықаралық тәжірибемен жергілікті сараптаманы ұштастыра отырып, Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан банктік емес кредиторлардың қатарына кіреді.

«МҚҰ «Jet Finance» ЖШС микрокредиттер беру қызметін 2026 жылғы 10.03 берілген № 02.21.0056.М. микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының негізінде атқарады.