Сабақтың тақырыбы: Жеті ата. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сөйлем туралы ұғымдарын кеңейтуге және оның тыныс белгілері жайында ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға төселдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды инабаттылыққа, отансүйгіштікке, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен туыстық қарым - қатынасқа, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: отбасы бейнеленген сюжетті сурет, тыныс белгілері бейнеленген үйшіктердің суреті, карточкалар.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері
Бірлік болмай, тірлік болмас,-
Деген сөзді есте сақтап,
Татулықты әркез сақтап,
Білімге құштар болайық.
2. Үй тапсырмасын «Шелекке балық жинау» ойынын ойнату арқылы сұрау.
3. Жаңа сабақ: Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі отыр. Біз Ата - бабаларымыздың өмір сүрген кезіндегі киіз үйден, қазіргі біздің өміріміздегі тұрғын үйге кедергілерден өтіп жетуіміз керек. Кедергілердегі жасырынған тапсырмаларды орындауға дайынсыздар ма? Ендеше саяхат сабағымызды бастамас бұрын үш топқа І - нүкте, ІІ - сұрақ белгісі, ІІІ - леп белгісі болып бөлініп алайық. Ал енді саяхат сабағымызды бастайық.
І кедергі: Таусоғар бұрынғы кездегі тауды қопарған мықты адам, ал қазіргі кезде экскаватор көлігімен алмасқан. Сөзжұмбақ шешу.
ІІ кедергі: Желаяқ бұрынғы кездегі тез жүгірген адам, қазіргі заманда көліктер. Жеті ата өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін. Оқушыларға тізбектей оқытамын. 3 оқушыдан сұрақ жауап аламын.
- Адамның өз жұртына кімдер жатады?
- Жеті атаға кімдер жатады?
ІІІ кедергі: Саққұлақ бұрынғы замандағы барлығын жылдам естіп, біліп отырған адам, қазіргі кезде телефон. Ойын:»Керемет 7 сан»
ІV кедергі: Ұшатын кілем қазіргі кезде ұшақпен алмасқан.
Сергіту сәті: «Әлемнің жеті кереметі» видео көру.
V кедергі: Хат тасушы ақ кептер, қазіргі кездегі поштамен алмасқан.
Дәптермен жұмыс: 141 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.
Нүкте не үшін керек?
VІ кедергі: Бұрынғы кездегі балгерлер, қазіргі кезде дәрігер. Ережені түсіндіріп айту.
VІІ кедергі: Тақтамен жұмыс: Ойын: «Кел ойнайық!»Адасқан сөйлемдерді өз үйшіктеріне орналастыру керек.
Осымен оқушылар біздің саяхат сабағымыз да соңына жетті. Біз сабақ барысында ата - бабамыздың көптен армандап келген тұрғын үйіне де жеттік.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма: Жеті ата тақырыбын мәнерлеп оқып келу.
Жеті ата. Сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Жеті ата. Сөйлем.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз557 қаралым
#жеті ата#сөйлем#сабақ жоспары қазақ тілі#сөйлем туралы ұғым
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

