- 18 сәу. 2015 00:00
- 271
Жеті жарғы
Әз Тәукенің заңдары
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туды).
2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттің соғыс күші ретінде пайдаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың малын береді.
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төленсін.
Міне, XVII ғасырда өмірге келген «Тәуке ханның жеті жарғысының» негізгі баптары осындай. Алайда оның негізі ежелгі Түркі мемлекетінде (қағанатында) VI ғасырдың ортасында туған болатын.