Он үште отау иесі,
Бірінші мүшел – балалық,
Екінші мүшел – жиырма бес,
Майданға кірер қол алып.
Отыз жеті – үшінші,
Енетін кезі сана нық.
Қырық тоғыз – төртінші,
Білінер бойдан даралық,
Бесінші мүшел – алпыс бір,
Өсиет айтар даналық,
Алтыншы мүшел – жетпіс үш,
Жастығың келмес оралып,
Жетінші мүшел – сексен бес,
Денсаулық қалар тоналып,
Бұдан соң келген мүшелдер
Жатпайды тіпті саналып.
Жеті мүшел
Он үште отау иесі, Бірінші мүшел – балалық, Екінші мүшел – жиырма бес, Майданға кірер қол алып. Отыз жеті – үшінші, Енетін кезі сана нық. Қырық тоғыз – төртінші, Білі...
← АртқаДереккөз: bilim-all.kz

