Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 26 минут бұрын)
"Жетіскен екенсіңдер": Еркеш Хасен 11 жас үлкен әйеліне сезімін білдірді

Танымал әнші Еркеш Хасеннің әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі алғаш рет өзінен 11 жас үлкен екінші әйелімен бірге түскен бейнежазбасын жариялады. Бұл әрекеті әншінің тыңдармандары арасында түрлі пікір тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің өзінің әнімен бірге жариялаған бұл видеосын көпшілік екінші әйеліне арнаған деп топшылады. Алайда, бұл жаңалық әншінің бұрынғы жазбалары мен отбасылық жағдайын білетін жанкүйерлерін ерекше таңғалдырды.

Жұртшылықтың наразылығы

Желі қолданушылары әншінің бұл қадамын сынап, пікірлерін аямады. Көпшілік оның бірінші әйелі мен қызына обал болатынын айтып, алаңдаушылық білдірді. Кейбір пікірлерде:

«Бірінші келіншегіне алақанда аялайтын адам бұйырсын», «Қызына обал болды. Ертең өскенде не деп жауап бересің?», «Тым жақсы жігіт едің ғой. Неге шалыс бастың?», «Әдемі болса мейлі екен», «Бірінші келіншегіне бақыт тілеймін тек», «Жетіскен екенсіңдер», «Ашық көрсетуге бекініпті ғой» деген сияқты пікірлер жазылды.

Бұл жағдай әншінің жеке өміріне қатысты қоғамдағы пікірталасқа арқау болды.

Жаңалықтар

Жарнама