Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметте өткен брифингте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алудың жеткіліктілік шегін қайта қарауға тұрғын үй нарығының реакциясы туралы айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Журналистер министрден зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілік шегінің көтерілуі қазақстандықтардың сатып алу қабілетіне әсер еткен-жетпегенін сұрады. «Жоқ», — деп қысқа жауап берді ол.
Оның айтуынша, министрлік коммерциялық тұрғын үй бағасын реттемейді. «Ел бойынша коммерциялық тұрғын үйдің бір шаршы метрі шамамен 617 мың теңге тұрады. Әлеуметтік тұрғын үй бағасына келсек, мемлекеттің ұстанымы анық — біз бағаны бақылаймыз, ол өспейді. Мен бағаның өсуі немесе төмендеуі туралы болжам бермеймін, бірақ оған ешқандай негіз жоқ. Әдетте жазда сұраныс артады, тұрғын үйге деген сұраныс әрқашан жоғары», — деп түйіндеді Ерсайын Нағаспаев.


