Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№9жалпы орта білім беретін мектептің
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Уташова Гульжаннат Ибатуллаевна
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жыл басына таласқан хайуанаттар
Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері:, сұрақ - жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау.
Көрнекілігі: әліппе дәптер, жануарлар суреттері, слайд
Ынталандыру
Шаттық шеңберін ұйымдастыру
Шаттық шеңбері»
- Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жадырайды жанымыз
Жаңа сабақ
Өткен сабақты пысықтау
Ойыншықтар туралы тақпақ
Негізгі бөлім
Жұмбақ шешу
*Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
*Киелі бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
*Ертемен тұрады
Бәрін айқайлап оятады.
*Екі мүйізді
Төрт аяқты
Бір шыбықты
Өзі сүтті
*Адамға серік
Күзетке берік
Балалар осыларды бір сөзбен не деп атаймыз?
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Тәрбиеші ертегіні бастайды.
- Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, Жыл басы болуға таласыпты.
- Жылқы айтыпты: Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, Қылымнан арқан жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.
Сонда түйе оған: Сен адамның жұмысын қылсаң, құлқының үшін құл болдың. Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын. Аш болдым деп сен сияқты арпа, сұлы сұрамаймын. Көде, жусан жеп табылса су ішіп, табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін. Жыл басы болуға мен лайықтымын!- деді.
Толық нұсқасын жүктеу
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз816 қаралым
#жыл басы#хайуаннаттар турал ертегі#тышқан мен түйе#жануарлардың пайдасы
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

