Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жүргізушісіз автомобильдер: болашақ па әлде осы кез бе?

Жалпыға ортақ қолданыстағы жолдармен жүргізушінің көмегінсіз жүру үшін, автомобильдер толыққанды автопилот пайдалана алатындай уақытқа дейін әлі бірнеше жыл бардай болып көрініп еді. Алайда Tesla компаниясы, осы күмәнді сейілте отырып, автопилоттарды бүгінгі күні-ақ ұсынуда. Автомобильдерге жүргізушісіз жүйе әзірлеумен айналысып жатқан тағы басқа да компаниялар бар. Ол толығымен жүргізушісіз Google мобиль және жүргізушісіз такси концептері. Осы материалда біз оларға талдау жасап және бұл технологияның «жолашарларын» бүге-шігесіне дейін жіктеп көруге тырыстық.

Tesla автопилоты

Tesla автопилотның жұмыс істеу қағидасы төрт жерден келетін деректерге құрылған. Біріншіден, Tesla арнайы ультрадыбыстық сенсорларды қолданады, ол кедергілер мен басқа машиналарды іздеп автокөліктің жан-жағындағы кеңістікті сканерлеп отырады. Екіншіден, арнайы алдыңғы радар қолданылады, ол автокөлікке жаңбыр мен тұман күндері де алдыңғы жағында не болып жатқанын көруге мүмкін береді. Үшіншіден, Tesla автопилотының жүйесі алдыңғы камераны қолданады, ол жол белгілері мен таңбаларды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Ал Tesla автопилотының төртінші құрамдас бөлігі – жоғары дәлдіктегі GPS-трекер, ол жүйенің барлық жұмысын қадағалап және қозғалыстың дұрыстығын тексеріп отырады. Шындығында Tesla-да өздерінің автопилоты қалада жүруге арналмағандығын, тек автодаңғылдарда (автобан, хайвей) жүруге арналғандығын растайды. Алайда, ол қалада да жүре алады.  

Автопилотпен басқарылатын автокөліктермен болатын апаттар

Бірақ та, Tesla автопилоты да кемшіліксіз болмайтынын сіздер жақсы білесіздер. Барлық жаңалықтар сайты: «Tesla автопилоты адам өлтірді» деп түрлі-түсті етіп жазылған жазулармен шулап кеткеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Шындығында, осы жылдың 7-мамырында Огайо штатының 40 жастағы тұрғыны Джошуа Браун, дәл сол сәтте автопилот режимінде қозғалып келе жатқан Tesla автокөлігімен апатқа ұшыраған болатын. Жүргізуші де, автопилот та бұрылып жатқан фураны байқамай қалған, нәтижесінде тежегіштің жүйесі іске қосылмай, автокөлік әжептәуір жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне кіріп кеткен. Жүргізуші қаза болды.

Автопилот та, жүргізуші де неліктен дер кезінде тежей алмай қалуының екі нұсқасы бар. Фура ақ түсті болғандықтан, ашық аспанның аясында аса байқалмаған. Жүйе бұрылып жатқан фураны байқамай қалған, жүргізуші де мүмкін солай болған шығар. Сонымен қатар, жүйенің үлкен фураны көрмей қалуы және дер кезінде тоқтай алмау себебі, жүк көлігінің жолға түсірген үлкен жарығы болуы да мүмкін. Автопилот биікте орналасқан нысандарға назар аудармайтын етіп құрастырылған, әйтпесе Tesla автопилоты әрбір белгілер мен басқа да заттарға назар аударумен бірнеше метр жүрген сайын тоқтап отырар еді.

Сонымен, Tesla жол апаты бұл Tesla Model S автокөліктері автопилот режимінде жүрген 210 млн км жолда адам өліміне соқтырған жалғыз ЖКО. Бұл адам өліміне соқтырған жол апаттары статистика бойынша АҚШ-та шамамен әрбір 151 млн км сайын, ал жалпы әлемдік статистика бойынша әрбір 97 млн км сайын орын алып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Tesla автопилоты, бұрынғысынша Бета-тестілеу режимінде жұмыс істейтіндігіне қарамастан, адамдарға қарағанда әлдеқайда сенімдірек. Ал бұл айқын жол апаты, дұрысы бірнеше жағдайлардың қатерлі тоғысуынан болған.

Google-мобиль

Алайда тек Tesla ғана автопилот шығарумен айналысып жатқан жоқ. Сірә, жүргізушісіз қозғала алатын әлемдегі ең танымал автокөлік – бұл Google-мобиль. Google автокөліктері әлі күнге дейін тек тесттен өтіп жатқандығына қарамастан, олар туралы әлемнің кез-келген жерінде біледі. Бұған қоса Google автопилот жүйесі үшін өзінің әзірлеген шағын екі орындық автокөлігін де, азаматтық Lexus RX, Toyota Prius және тіпті Audi TT-ны да пайдаланады. Google автопилоты үшін Google Street View сервисінің мәліметтерін және автокөліктің төбесіне орнатылатын айрықша LIDAR тетігін қолданады. LIDAR тетігінің Light Identification Detection and Ranging тәрізді шифры шешіледі, яғни жарықпен көру және қашықтықты анықтау мүмкіндігі бар. Шын мәнінде бұл оптикалық диапозонның қашықтық өлшеуіші және оның жұмыс істеу қағидасы радарға өте қатты ұқсайды.

Google шығарған LIDAR жүйесі бар автономды автокөліктердің алғашқы тесті 2010 жылы басталды. 2014 жылы компания рөлі де, газ бен тежегіш басқышы да жоқ, жүргізушісіз 100%-ға дербес автомобильдің өзіндік түптұлғасын көрсетті. Google-мобиль сыртынан қарағанда кәдімгі көлік құралынан гөрі мультфильмнің кейіпкерін елестетеді. Бірақ, түптеп келгенде Google-дың мақсаты автокөліктер сату емес, ірі автокөлік концерндеріне жүргізушісіз басқару жүйелерін сату. Google осы жылдың мамыр айында Fiat-Chrysler-мен шартқа отырды, оның аясында өздігінен басқарылатын 100 Chrysler Pacifica шығарылатын болады.

Google жүйесінің де Tesla сияқты өз кемшіліктері бар. Мысалы, Google-мобильдер құйып тұрған төкпе жаңбырда және қар басқан жерлерде жүре алмайды. Ал бұлай болатындығы, Google қоршаған ландшафтпен алдын ала түсірілген фотосуреттерді салыстыру жүйесін қолданады, бірақ оны автокөлік нақты уақыт режимінде көреді. Яғни Google-мобиль жер бетін қар басып жатқан болса, ол жерді анықтай алмайды.

Жүргізушісіз такси

Жүргізушісіз автокөліктер тақырыбы өзекті болғаны соншалықты, оған іс жүзінде барлық ірі автоконцерндер мен мемлекеттер алаңдаушылық білдіріп отыр. Бүгінгі күні жүргізушісіз автокөлік әзірлеу бойынша бірнеше ірі бағдарламалар, оның ішінде бюджеті 800 млн евродан тұратын Еуропалық Комиссияның бағдарламасы да бар. Міне, дербес машиналардыңбіздің күнделікті өмірімізге жақын күндері енуінің тағы бір мысалы. Uber-дің бәсекелесі Lyft компаниясымен біріге отырып General Motors жүргізушісіз таксилер шығаруға шешім қабылдады. Осы жылдың ішінде америка қалаларының бірінде Lyft сервисі жүргізушісіз таксилерді іске қосады, олар қарапайым клиенттерге шақырту бойынша келетін болады. Әлбетте, Uber де шетте қала қойған жоқ, дербес таксилер шығарумен айналысып жатыр.

Жүргізушісіз автокөліктер бойынша Volkswagen, Audi, BMW, Volvo және Nissan маркаларында да өзінің жобалары бар. Осы жылғы CES 2016 көрмесіне көптеген автокөліктер мен автопилот жүйесінің күнделікті өміріне енгізу үшін әзірленген жүйелер қойылған. Әрине, көпшілігіміз үшін бұл тек қиял-ғажайып сияқты естіледі, бірақ бүгінгі күннің өзінде-ақ Tesla тәрізді автокөліктер болашаққа көз жүгіртуге және өте жақын уақыттарда, өз автокөлігімен жұмысқа бара жатқан көлік иесінің жолға қараудың орнына өз ісімен айналысуына жағдай туғанда, қандай болатынын көруге мүмкіндік береді. Әрине, жүргізушісіз көліктерді қолданысқа енгізу, әлем бойынша миллиондаған адамды жұмыссыз қалдыруы және жаңа дағдарыс туындатуы мүмкін. Бірақ, бұл мәселенің басқа, этикалық жағы, оны осындай жүйе өндірушілер де, бүкіл әлемдегі үкімет орындары да әлі реттеуі қажет.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама