Сабақ жоспары
Тіл дамыту 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жүйелі жұмбақ, мәнді – мақал
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мақал - мәтелді оқу, жұмбақтар шешу барысында төрт - түлік мал жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық: Ауыз екі сөйлеу тілін, сөздік қорын, есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекті бағалау, үй жануарларын құрметтеу, оларды қорғау, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үй жануарлары мен төлдердің суреттері, слайдтық тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау:
а) бір жылда қанша мезгіл бар?
б) қазір жылдың қай мезгілі?
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
– Бүгін сабағымыздың тақырыбы «Жүйелі жұмбақ, мәнді - мақал». Отан, еңбек, төрт - түлік мал жайында тапсырмалар орындаймыз.
Тапсырмалар:
1. Тапсырма. Мақалдың жалғасын тап.
2. Тапсырма. Ұйқасын тап.
3. Тапсырма. Мына суреттерге қарап жұмбақтардың шешуін тап.
ІV. Сергіту сәті.
1. Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық, Қалтамызға салайық.
2. Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балапан,
Үп - үлкен боп өседі.
4. Тапсырма. Математикалық мақал - мәтелдер.
V. Дәптермен жұмыс.
5. Тапсырма. Тиым сөздерді дәптерге жазу.
Малды аяқпен теппейді.
Балағаттап боқтамайды.
Жатқан малдың үстінен аттама.
Малға «кет» деп дауыс көтермейді.
VІ. Қорытындылау. Тест.
VІІ. Бағалау.
Жүйелі жұмбақ, мәнді – мақал. жүктеу
Жүйелі жұмбақ, мәнді – мақал
Сабақтың тақырыбы: Жүйелі жұмбақ, мәнді – мақал
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз566 қаралым
#тіл дамыту 4 сынып#жүйелі жұмбақ#мәнді мақал мәтел
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

