ӨлеңдерЖүз жыл бақты болсаң да...
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 14 сәуір1045 қаралым
Жүз жыл бақты болсаң да,
Әлемнен асып толсаң да,
Алтын таққа қонсаң да,
Айрылған күнi – бiр кейiс.
Жүз жыл азап тартсаң да,
Аш-жалаңаш қатсаң да,
Абақтыда жатсаң да,
Құтылған күнi ол – бейiс.
#өлеңдер#шәкәрім құдайбердіұлы#шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері#қазақша өлең#жыл#жүз#жүз жыл бақты болсаң да...