Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинаға қару-жарақ жеткізіп, әртүрлі қолдау көрсетіп жатқан елдерге әскери жолмен жауап беруге шақырды, деп хабарлайды infohub.kz.

Рамзан Қадыров бұл ұсынысын Telegram-дағы парақшасында жазды. Оның айтуынша, жаяу әскерлер Владимир Путиннің бұйрығымен кез келген бағытқа шығуға дайын. Ол "НАТО деген аббревиатураны жамылып, ұятсыз, ашық түрде Украинаға қару-жарақ, деректер және басқа да қолдау көрсетіп жүрген елдерден бастауға болады" деп санайды.

"Егер олар Ресейдің болып жатқанның бәріне сабырмен қарап, қол қусырып отырмайтынын түсінбесе, онда оларға бұл туралы қарапайым, түсінікті тілде айтудың уақыты келді. (...) Тротилдің иісін сезген бойда, Калашниковтың үні мен Т-90-ның сықырлағанын естігенде, бәрі түсініп, ақиқатқа келеді. Атыс ашатын кез келді, әйтпесе!", — деп жазды Қадыров.

Шешенстан басшысы Ресей қазір бейбіт тұрғындар арасындағы шығынды барынша азайтып, жеңіл соғыс қимылдарын жүргізіп жатқанын айтты. "Бірақ біздің соғыс машинамыздың тежегішін босатқанда, (...) барлық батыс көшбасшылары терең кешірім сұрау үшін кезекке тұрады", — деп қорытындылады Рамзан Қадыров.