Химия 9 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Мақсаты: Кальций және оның қосылыстарымен танысу.
1. Периодтық жүйедегі орны бойынша сілтілік жер металы кальцийге сипаттама беру.
2. Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
3. Кальцийдің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу, химиялық тілде сөйлеу. Есептерді өз бетінше құрастырып шығару.
Күтілетін нәтиже: Сілтілік жер металы кальцийге периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады, олардың қосылыстарының генетикалық қатарын анықтайды. Табиғи қорларын біледі, қолданылу аясын түсіндіре алады. Кальций және оның физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызын ажырата біледі.
Әдіс – тәсілдер: Ой түрткі «Бинго», Танымдық ойын «Құрастыр, одан кейін жауап бер», Топтық жұмыс «Ассоциация», Эксперименттік бөлім «Химик зертханада», «Ойлан, жұптас, бөліс».
Құрал жабдықтар:
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.
«Периодтық жүйе»кестесі, үлестірмелі материалдар, тірек сызбалар.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды химиялық формулалар бойынша үш топқа бөлдім.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Ой түрткі «Бинго». Өтілген тақырыптарды қайталауда оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды.
2. «Танымдық ойын» «Құрастыр, одан кейін жауап бер»
Қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан баспанасы киіз үйдің қаңқасына металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеп жинақтау.
Жаңа сабақ
«Мен кіммін?» Оқушыларға элементті жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Электронды оқулық бойынша «Кальций және оның қосылыстарына» сипаттама беріледі.
«Ассоциация» әдісі бойынша оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Са тобына: Кальцийдің физикалық қасиеттері. Кальций қосылыстарына ассоциация құру. СаО тобына: Кальций және оның қосылыстарының химиялық қасиеттеріне ассоциация құру. СаСО3 тобына: Кальций тіршілік элементі.
Мұғалімі: Қойшыбаева А.
Кальций және оның қосылыстары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз631 қаралым
#кальций және оның қосылыстары#химия 9 сынып#металы кальцийге периодтық жүйедегі орны
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

