Сабақ тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау (тест)
ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІV. Топқа бөлу
V. Бекіту сұрақтары
VІ. Қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кальций жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Кальций элементін жан – жақты зерттеу арқылы оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: Кальций және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Көрнекілік: Слайдтар, электронды оқулық, периодтық кесте, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы
Жаңа сабақ
І топ
Кальцийдің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы
Табиғатта таралуы
Кальций табиғатта тек қосылыс түрінде көп таралған. Жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 – ші орында, массасы бойынша 3, 6%. Оның қосылыстарын кез келген жерден кездестіруге болады. Ол теңіз бен өзен суларында да кездеседі. Өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1 кг - ға дейін Са бар, ол сүйектің, тіс эмалінің, қанның құрамында да болады. Табиғатта ең көп тарлаған қосылыстарының бірі – СаСО3
Физикалық қасиеті
Күміс түстес, ақ, жеңіл металл. Тығыздығы 1, 54 г/см. Ауамен тез әрекеттесіп, тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жұқа ақ қабықшамен қапталады. Сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций – қатты металл, балқу температурасы 851С.
Химия пәні мұғалімі Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Кальций және оның қосылыстары слайд жүктеу
Кальций және оның қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз543 қаралым
#кальций және оның қосылыстары#кальций элементі#кальций және оның қасиеттері
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

