Камерундағы алтын кенішіндегі опырылып түсу салдарынан қаза тапқандар саны 107-ге жетті. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қайғылы оқиға елдің шығысындағы Замбуа елді мекеніндегі алтын өндіру нысанында болды. РИА Новости RFI радиосына сілтеме жасап хабарлағандай, қираған жерден 100-ден астам мәйіт шығарылды.
Гаруа-Булаи қаласының әкімі Амаду Абдонның мәліметінше, сейсенбі, 18 тамыз, сағат 23:00-де қаза тапқандар саны 107 адамды құрады. Ол бұл жерден шығарылған мәйіттер саны екенін атап өтті.
Іздеу жұмыстары жалғасуда, құрбандар саны артуы мүмкін. Замбуа ауылы Камерунның Орталық Африка Республикасымен шекарасына жақын орналасқан.


