Лас-Вегас қонақүйінің қоршауынан чили фламанигосын алып шығып, өз бөлмесіне апарған канадалық ер адам жануарларға қатыгездік жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
АҚШ-тың осы қаласына келген Митчелл Фэрбарн наурыз айында «Фламинго Лас-Вегас» қонақүйі мен казиносынан Пичи есімді чили фламанигосын алып кеткен. Сот отырысында көрсетілген бейнежазбаларда ол құсты мойнынан ұстап, лифтпен өз бөлмесіне көтеріліп бара жатқаны көрінеді.
Ол сотта оқиғаға дейін 30-40 құты сыра ішкенін, жануарға зиян келтіруді ойламағанын айтты. Ер адамға бес жылға жуық бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төніп тұр.
Жануартанушы мамандар фламингоның қауырсындары жұлынып, Фэрбарнның әрекетінен қан жоғалтқанын растады. Оның адвокаты Джош Томшек қорғаныс сөзінде клиентінің әрекетін зиянсыз әзіл ретінде бағалап, «нашар шешімдерге» алкогольді кінәлады.
«Ол мұны істемеуі керек еді, мекенге кірмеуі керек еді, құсқа қол тигізбеуі керек еді, Пичиді ішке апармауы керек еді. Шындығы сол — Митч мас болды. Митч ақымақтық жасады. Ол дұрыс емес шешімдер қабылдады», — деді қорғаушы.
Адвокаттың айтуынша, ұсталғаннан бері оған өліммен қорқытулар келіп түскен. Өз қорғанысында сөйлеген 34 жастағы Фэрбарн құсты алып кетуді «күлкілі» болады деп ойлағанын айтты. Ол түні бойы ішіп отырғанын, әрекетке әріптесімен телефонмен сөйлескеннен кейін бел буды.
Лас-Вегастың атақты көшесінде орналасқан «Фламинго Лас-Вегас» қонақүйі мен казиносының ішінде тегін аралауға болатын жабайы табиғат мекені бар. Онда чили фламаниголарының тобы, басқа да құстар, балықтар мен тасбақалар мекендейді.
Би-би-си-дің америкалық серіктесі Си-би-эс-тің мәліметінше, сот отырысында алқа 14 куәнің жауабын тыңдап, 112-ден астам дәлелдемені қарап шықты. Алқа қылмыс және әкімшілік құқықбұзушылық ретіндегі жануарларға қатыгездік айыптары бойынша оны кінәлі деп тануға шамамен бес сағат жұмсады.
Фэрбарн ұсталғаннан бері АҚШ-тан шыға алмай отыр. Ол Лас-Вегаста үйқамақта, үкім шілде айында жарияланады. Штат ветеринарының айтуынша, Пичи оқиғадан кейін негізінен сауыққан, бірақ қазір адамдарға қатысты мінез-құлқы алаңдаушырақ болып қалған.


