Америкалық рэпер Канье Уэстің Санкт-Петербордағы жоспарланған концерттері өтпейтін болды — ұйымдастырушы концерттердің тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

РБК агенттігінің мәліметінше, америкалық рэпер Канье Уэст Санкт-Петерборда белгіленген күндері өнер көрсетпейді. Ұйымдастырушы жобаның мәртебесі мен болашақ жоспарлары туралы ресми ақпаратты жақын арада ұсынатынын мәлімдеді.

«Жақын арада жобаның мәртебесі мен болашақ жоспарлары туралы ресми мәлімдемемен шығамыз. Сатып алынған билеттер үшін ақшаны қайтару мүмкіндігі дүйсенбі, 2026 жылғы 12 қазанда ашылады», — делінген хабарламада.

Say Agency агенттігі қайтару ережелері мен шарттары туралы толық ақпаратты «сәл кейінірек» жариялайтынын уәде етті.

Ал «Коммерсант» басылымы Санкт-Петерборда полицияның Канье Уэстің өтпейтін концерттерін ұйымдастырушыға қатысты тергеуге дейінгі тексеру бастағанын хабарлайды. Сөз ерекше ірі мөлшердегі алаяқтық туралы болып отыр.

Айтпақшы, Канье Уэстің концерттері 10 және 11 қазанда «Газпром Аренада» өтуі тиіс еді. Билеттер 9 мыңнан 160 мың рубльге дейінгі бағамен сатылды (шамамен 48 мың теңгеден 846 мың теңгеге дейін — ред. ескертпесі). Концерттер тоқтатылған соң сатып алушылар ақшаны қайтаруды талап етіп, жол шығындарын қоса отырып, сотқа шағымдана бастады.

Бұған дейін біз Канье Уэстің Алматыдағы концерті қалай өткенін хабарлаған болатынбыз.