14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда Ye (Канье Уэст) концерті өтеді. Қала қызметтері іс-шараға дайындалып, көрермендерге ыңғайлы көлік ұйымдастырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Концерттен кейін қонақтарды 60 тегін шаттл тасымалдайды. Олар стадионның жанында күтіп тұрып, алты бағыт бойынша жүреді: «Алматы Арена» — 10 автобус; Райымбек батыр / «Алатау» метро станциясы — 10 автобус; Алматы-1 теміржол вокзалы — 5 автобус; Орбита — 5 автобус; Жұлдыз шағын ауданы — 10 автобус; Алматы халықаралық әуежайы — 10 автобус.
«Сонымен қатар, қоғамдық көлік пен метрополитен жұмысы күшейтіледі. „Байқоңыр“ метро станциясы сағат 21.00-де жолаушылар үшін жабылады. Концертке келушілерге „Абай“ және „Мұхтар Әуезов атындағы театр“ станцияларын пайдалануды ұсынады. Метро жұмысы кемінде сағат 01.00-ге дейін, қажет болған жағдайда 03.00-ге дейін ұзартылады», — делінген хабарламада.
Сағат 16.00-ден бастап стадион маңындағы көлік қозғалысын біртіндеп шектей бастайды. Байтұрсынов, Сәтпаев көшелері мен Абай даңғылының кейбір бөліктері жабылады.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында қозғалысты реттейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына маршрутты алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлікті пайдалануды кеңес береді.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Канье Уэсттің (Ye) Португалиядағы «Алгарве» стадионында өнер көрсетіп, шамамен 34 мың көрермен жинағанын жазған болатын. Оған дейін Каньенің гастрольдері Ұлыбритания, Франция, Польша, Италия және Чехияда болмай қалған, ал Австралия әртіске кіру визасын беруден бас тартқан еді.


