Алматыда 14 тамызда Канье Уэсттің концерті өтеді, бұл метрополитен жұмысына әсер етеді. Шара Орталық стадионда өтетіндіктен, метро күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алматы метрополитенынің Instagram-парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 14 тамызда пойыздардың қозғалыс аралықтары түзетіледі. Атап айтқанда, 06:20-дан 09:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд аралықпен жүреді. Күндіз 09:00-ден 17:00-ге дейін және кешке 20:00-ден түн ортасына дейін аралық 10 минут 20 секундқа ұзарады, бұл кезде желіде 6 пойыз болады. Түнде, 00:00-ден 03:00-ге дейін, 4 пойыз 15 минут 30 секунд аралықпен жұмыс істейді.
Метроның барлық станциялары 03:00-ге дейін ашық болады, тек «Байқоңыр» станциясы 21:00-ден бастап жолаушыларды кіргізу және шығару үшін жабылады. Пойыздар бұл станцияға тоқтамай өтеді.
Жолаушыларға метроға кірер кезде бақылау күшейтілетіні де ескертілді.
Бұған дейін алаяқтардың концертке жоқ билеттерді интернетте сатып жатқаны хабарланған болатын. Полиция жанкүйерлерге билет сатып алу кезінде алданып қалмау жөнінде ұсыныстар берді. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі 14 тамызда кейбір көшелердің жабылатынын және 32 автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгеретінін мәлімдеді.


