Капшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы Қонаев қаласында 2015 жылы туған қызды шомылу кезінде толқын ағызып әкетті. Құтқарушылар оған дереу көмекке келді, деп хабарлайды infohub.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіндегілердің айтуынша, оқиға "Алматинская" демалыс аймағы маңындағы су айдынын патрульдеу кезінде болған. Баланы жағадан шамамен 20 метр қашықтыққа ағызып әкеткен.

"Қонаев қаласындағы 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшісі мен жедел-құтқару жасағының құтқарушысы бірлесіп, дереу көмекке келіп, қызды жағаға жеткізді", — делінген ведомство хабарламасында. Бала медициналық көмекке мұқтаж болмады. Құтқарылған соң қызды ата-анасына тапсырды.

ТЖМ мамандары балаларды су жағасында қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. "Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектеседі", — деп атап өтті ведомство өкілдері.