Ноттингем университетінің ғалымдары тіс эмальын қалпына келтіруді ынталандыратын инновациялық гель жасады. Бұл препарат кариестің алдын алып, тіс сезімталдығын төмендете алады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланды. Фармация мектебі мен Химиялық және экологиялық инженерия департаментінің қызметкерлері жасаған бұл өнім балалық шақта жүретін тіс эмальының табиғи қалыптасу үрдісін қайталайды.

Дәстүрлі құрамдардан айырмашылығы, жаңа өнімде фтор жоқ. Ол ақуыздардан тұрады, жағылғаннан кейін микротрещиналар мен кеуектерді толтыратын жұқа қабат түзеді. Гель сілекейден кальций мен фосфат иондарын тартып алып, эпитаксиалды минералдану процессін іске қосады. Нәтижесінде жаңа кристалдар тістің құрылымына сай өседі.

Жұмыстың бірінші авторы Абшар Хасан қалпына келтірілген эмальдың күнделікті жүктемені имитациялайтын сынақтардан – тіс тазалау, шайнау және қышқыл тағам әсерінен сәтті өткенін атап өтті. Зерттеу жетекшісі Альваро Мата Mintech-Bio стартапы технологияны коммерцияландыруға дайындықты бастағанын хабарлады.