Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары жалғастырып жатыр, ал тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Аталған трагедияның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілді. Бүгінгі таңда 300-ден астам адам жауапқа тартылып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді.
Еске салайық, тергеу аясында қызметке немқұрайлы қарау және кеме жүргізу ережелерін бұзуға күдікпен сот санкциясымен 8 лауазымды тұлға қамауға алынды: Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары және жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етуге жатпайды.
Жақын арада тергеу іс-шараларын аяқтау және қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарлануда.
Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.


