Қазақстан Қорғаныс министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады. Тізімде барлығы 12 адам бар — аға лейтенант және 11 матрос, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері:

Аға лейтенант Мұхтарұлы Олжас

Матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы

Матрос Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы

Матрос Кобенов Алмас Жусипулы

Матрос Төлеген Ақылбек Қабденұлы

Матрос Темиргалиев Женис Тлеушевич

Матрос Бердиханов Мейрамбек Ермұханұлы

Матрос Жанабай Әсет Саматұлы

Матрос Мадихан Азамат Болатбекұлы

Матрос Бегей Дастан Нұрболұлы

Матрос Гилаж Ақжайық Болатбекұлы

Матрос Диханбаев Олжас Тәжібайұлы

Каспийде не болды. 24 қыркүйекте Каспий теңізі жағалауында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейді. Әскери қызметшілерді теңізге алып кетті. Маңғыстау облысы әкімдігінің нақтыланған деректері бойынша, суға 17 адам түскен: 12 адам қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екеуін іздеу жалғасуда.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарған үкіметтік комиссия оқиға орнында жұмыс істеуде. Ол іздеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізуді және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды. Трагедияның мән-жайын тергеушілер анықтауда: әскерилердің қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бұған дейін «Курсив» трагедиядан аман қалған әскерилердің бірінің жағдайы туралы жазған болатын.