Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай орын алды: Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы мен желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді ашық теңізге ағызып әкетті. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға орнынан бейнежазбаны Ақтау тұрғыны, блогер Азамат Сарсенбаев жариялады. Кадрларда оқиға өрбіген аймақ бейнеленген.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, теңізге 19 әскери қызметші ағызылып кеткен. Қазіргі таңда олардың тоғызының қаза тапқаны расталды. Үшеуі құтқарылды, құтқарылғандардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жалғасуда.

Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын хабарлады.