Қазақстанда Каспий теңізінің акваториясында жаңа аралдың пайда болуы тіркелді. Caspian Holiday компаниясының негізін қалаушы Ерболат Мұқашовтың айтуынша, бұл табиғи құбылыс су деңгейінің төмендеуіне байланысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ерболат Мұқашовтың сөзінше, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, атап айтқанда каспий итбалықтары мекендейтін аралдар ауданында (Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал, Маяқшыққан, Долгий) теңіз деңгейінің төмендеуі салдарынан соңғы 4-5 жылда жаңа құрлық учаскелері қалыптаса бастады.

«Жақында пайда болған аралдардың бірі — Рыбачий, Святой аралының шығысында орналасқан. Жаңа арал Святой аралынан шамамен 500 метр шығыста және Баутино ауылынан шамамен 30 шақырым жерде», — деді ол.

Компания негізін қалаушы аралдардың негізгі тұрғындары қасқырлар екенін атап өтті. Сондай-ақ мұнда жабайы қабандар мен борсықтар кездеседі. Жағалау сулары мен аралдарда балықтар мен құстардың әртүрлі түрлері мекендейді.

«Аралға Маңғыстаудағы Каспий теңізін қорғаушы, эколог-сарапшы Данияр Акимжановтың көмегімен бару мүмкін болды. Бұл аумақ өзінің таңғажайып және көркем табиғатымен ерекшеленеді», — деді Ерболат Мұқашов.

Аралды құс ұшуы биіктігінен түсіруге мүмкіндік туды.