Қазақстан премьер-лигасының 19-турында Ақтаулық «Каспий» Астананың «Женисін» 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды infohub.kz.

Ойын Қызылордадағы «Қайсар аренасында» өтіп, ақтаулықтар номиналды алаң иелері болды. Бірінші голды 9-минутта «Каспий» сапындағы қазақстандық қорғаушы Амандық Набиханов соқты. 22-минутта «Женистің» бразилиялық жартылай қорғаушысы Гьян душ Сантуш Мартинш есепті теңестірді. Сегіз минуттан кейін «Каспий» сапындағы португалиялық қорғаушы Андре Амарал өз командасын қайта алға шығарды. Екінші таймда, 52-минутта, алаң иелерінің қазақстандық шабуылшысы Рамазан Абылайхан ақтаулықтардың басымдығын арттырды. Кейін «Женистің» отандық қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай бір допты қайтарып, есепті қысқартты. Кездесудің соңында елордалық команда аздықта қалды: тікелей қызыл қағаз алған ойыншылар – қазақстандық Исламбек Қуат және босниялық Иван Сараванья.

Бұл жеңіс «Каспийге» 21 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы орынға көтерілуге мүмкіндік берді. 19 турдан кейін 22 ұпай жинаған «Женис» тоғызыншы сатыда тұр.