Астана — Петропавловск трассасындағы қауіпті жарыс Ақмола облысы полицейлерінің назарын аударды. Екі жүргізуші де табылып, жазаға тартылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әлеуметтік желіде екі автокөліктің жоғары жылдамдықпен бірін-бірі басып озған видеосы пайда болып, қолданушылардың наразылығын тудырды. Қауіпті жүргізушілердің куәгерлері оқиғаны ғана түсіріп қоймай, оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды. Мұндай жарыстар қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жарияланғаннан кейін патрульдік полиция қызметкерлері екі бұзушының да жеке басын анықтаған. Бір жүргізуші Астанадан табылса, екіншісі полициямен кездесуден қашып, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Алайда бейнебақылау камераларының арқасында оның автокөлігі Бурабай курорттық аймағынан анықталып, сол жерде ұсталды.
Екі жүргізушіге де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды. Полицейлермен әңгімелесу барысында ер адамдар кінәсін мойындап, бұдан былай өздерін және басқа жол қозғалысына қатысушыларды қауіп-қатерге ұшыратпайтындарына сендірді.


