Аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос «Қайрат» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

25 жастағы ойыншымен ынтымақтастық тараптардың өзара келісімімен тоқтатылды. Себальос қаңтар айында «Қайратқа» ауысып, 2027 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойған еді. Ол клуб тарихындағы тұңғыш аргентиналық легионер болды. Бірнеше ай ішінде 11 ойын өткізіп, бір голдық пас берді.

«ФК „Қайрат“ Себастьянды команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, болашақ мансабына сәттілік тілейді!» — делінген клуб хабарламасында.

Себальостың мансабын қайда жалғастыратыны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Оның трансферлік құны 400 мың еуроға бағалануда.

Бұған дейін «Қайрат» португалиялық жартылай қорғаушы Густаво Мендонсаның ауысқанын хабарлаған болатын.