Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында Ақтаудың «Каспийі» қызылордалық «Қайсармен» қонақта 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ойын Қызылордадағы «Қайсар Аренада» өтті. 41-минутта алғашқы голды қазақстандық шабуылшы Әлияр Мұхаммед соқты, оған отандық қорғаушы Нияз Идрисов ассист берді. «Каспий» есепті француздық шабуылшы Кеба Силланың күшімен теңестірді, оған гольдік пасты беларустық жартылай қорғаушы Владислав Климович берді. Сондай-ақ, қонақтар матчтың аяғын он адаммен өткізді: 88-минутта португалдық қорғаушы Бернардо Моргадо екінші сары қағаз алды.

18 турдан кейін «Қайсар» 19 ұпай жинап, чемпионатта 10-орында тұр. «Каспий» 18 ұпаймен КПЛ турнирлік кестесінде 13-орында.