Абай облысындағы Ақтоғай кен орнының №1 байыту фабрикасында төтенше жағдай болып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, оқиға 9 тамызда сағат 12:00 шамасында жоғары қысымды білікті ұсақтағыш учаскесінде жоспарлы-алдын алу жөндеуі кезінде болған. Алғашқы өрт ошағы грохот маңында анықталған. Учаскеде мердігер ұйымның қызметкерлері жұмыс істеген.

Компанияның баспасөз қызметінде зардап шеккендер жоқ екенін, сондай-ақ түтінге байланысты өтініштер түспегенін атап өтті. Өндірістік учаскеден 20 адам эвакуацияланды. Ашық жану дереу жойылып, түтіндеу мен жану қалдықтары жоқ. Көршілес ғимараттарға, конвейерлерге және басқа да өндірістік учаскелерге қауіп жоқ; экологиялық зардаптар жоқ.

Оқиғаның себептері әлі анықталуда. Тергеу үшін арнайы комиссия құрылып, мемлекеттік органдарға хабарланды.

KAZ Minerals сонымен қатар материалдық залалдың мөлшерін және оқиғаның жөндеу мерзімі мен өндіріске ықтимал әсерін нақтылап жатыр.

Екінші байыту фабрикасы мен тотыққан кенді өңдеу кешені қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін «Курсив» Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals компаниясына тиесілі «Востокцветмет» ЖШС Артемьевск шахтасындағы қайғылы оқиға туралы жазған болатын. Тау жынысының құлауы салдарынан бір жұмысшы қаза тапты.