Үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда 12 жылдық білімнен 11 жылдыққа көшу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды infohub.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, елде білім беру бағдарламаларының сәйкестігін зерттейтін комиссия құрылған. Бұл — жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстанда бірыңғай білім стандарты қолданылуы тиіс. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (НЗМ) түлектердің 88%-ы мектепті 18 жасында аяқтайды. Ата-аналар мен оқушылардың 10-сыныптан кейін НЗМ-нен құжаттарын алып, жалпы білім беретін мектептерге ауысу үрдісі байқалады. Сондықтан қазір 12 жылдық білімді қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

Министр халықаралық бағдарламаларды қоса алғанда, барлық бағдарламаны 11 жылдық форматқа көшіру қажет болатынын атап өтті. Алайда нақты мерзімдер әзірге айтылмай отыр. «Мерзімдерді бүгін-ертең айта алмаймыз, бірақ жұмыс аяқталған соң біз бұл туралы хабарлаймыз. Менің ойымша, 2027 жылдың қаңтарында», — деп түйіндеді Сүлейменова.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жабылуы мүмкін деген ата-аналардың алаңдаушылығына жауап берді.