Қазақстанның Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Исқақов AstanaMediaWeek алаңында 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу жоспарын мәлімдеді. Бұл ретте WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлер ашық қалады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Біз әріптестерімізбен бірлесіп, 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеуді жоспарлап отырмыз. Бұл WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлерге қатысты емес. Оларды ешқандай кедергісіз пайдалануға болады», — деді Қанат Исқақов.

Оның айтуынша, бұл мәселедегі басты фактор — пайдаланушыны сәйкестендіру.

«Бұл шынымен де күрделі процесс. Сондықтан біз цифрлық платформалардағы достарымызбен, әріптестерімізбен бірлесіп, жасты анықтаудың бірыңғай алгоритмін құру үшін жұмыс істейтін боламыз. Балалардың қауіпсіз цифрлық кеңістікті пайдалануы үшін ата-аналардың, әрқайсымыздың жауапкершілігіміз маңызды деп есептейміз. Бұл тиімді болуы және балаларды білім беру және басқа да маңызды контентті алудан шектемей, бүкіл қауымдастығымызбен жұмыс істейтін боламыз», — деп сендірді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуы мүмкін заң жобасы бойынша жұмыстың барысы туралы айтқан болатын.