Air Astana Дубайға рейстерін уақытша тоқтатады. Әуекомпания бұл шешімді Ормуз бұғазындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауымен байланыстырды, деп хабарлайды Orda.kz.

Рейстер 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтайды. 21 шілдеге дейін ұшақтар жолаушыларды шығару үшін кесте бойынша ұшады.

Жолаушыларға билет құнын сатып алған жерінен толық қайтару ұсынылды. Сондай-ақ билетті кейінгі күнге тегін ауыстыру немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағытын таңдауға болады.

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығысқа сапар шегуден бас тартуды ұсынған болатын.