Германияның Дуйсбург қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында академиялық есуден әлем чемпионаты жалғасуда. Онда қазақстандық Артем Матусевич финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды infohub.kz.

Қазақстан өкілі жеңіл салмақтағы ерлер жалғыз есуінің жартылай финалында сәтті өнер көрсетті. Өз жарысында ол 7 минут 07,75 секунд нәтижемен екінші болып мәреге жетіп, әлем біріншілігінің шешуші раундына жолдама алды.

Жеңіл салмақтағы ерлер жалғыз есуінің финалдық жарысы 26 шілдеде өтеді. Онда Артем Матусевич 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жүлделері үшін күреседі.