Қазақстан тұрғын үй қолжетімділігі рейтингінде 115-орынға ие болды. Көрсеткіш – 10,9, бұл әлемдік орташа деңгейден (11,2) жақсы. Медиандық табысы бар үй шаруашылығына медиандық бағадағы пәтерді жинау үшін 10,9 жыл қажет. Мұндай деректі Visual Capitalist компаниясы БҰҰ-Хабитат баяндамасына сүйене отырып келтірді, деп хабарлайды infohub.kz.

Зерттеуде атап өтілгендей, тұрғын үй қолжетімділігі елдің жалпы байлығына емес, жылжымайтын мүлік бағасының жергілікті табысқа сәйкестігіне байланысты. Тіпті дамыған елдерде баға жалақыдан жылдам өссе, үй сатып алу қиынға соғуы мүмкін, ал кейбір дамушы нарықтар салыстырмалы түрде қолжетімді болып қалады.

Рейтинг көшбасшылары – Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері (көрсеткіш 3,0), Оңтүстік Африка Республикасы (3,4), Корей Халық Демократиялық Республикасы (3,5) және Оман (3,6). Америка Құрама Штаттары 4,5 көрсеткішімен жетінші орында, бұл Канададан (9,4), Аустралиядан (7,5) және Ұлыбританиядан (8,3) жақсы.

Рейтингтің екінші шетінде Сирия ең жоғары көрсеткішпен (86,7) тұр. Сондай-ақ аутсайдерлер қатарында Шри-Ланка (40,8) мен Қытай (34,6) бар. Оңтүстік Корея (26), Таиланд (24), Вьетнам (23,5) және Филиппин (30,1) де ең аз қолжетімді тұрғын үй нарықтарының қатарына енеді.

Қазақстан 115-орында 10,9 көрсеткішімен Германия (10,7) мен Румыниямен (10,9) қатар тұр. Жапония мен Аустрия (10,3), сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасы (10,6), Орталық Африка Республикасы (11,1) және Ангола (11,2) да жақын мәндерді көрсетті.

Зерттеу авторлары: «Деректер тұрғын үй қолжетімділігі елдің жалпы байлығына емес, бағаның жергілікті табысқа сәйкестігіне байланысты екенін көрсетеді. Тіпті бай елдерде баға жалақыдан жылдам өскенде үй сатып алу қиынға соғуы мүмкін, ал кейбір дамушы нарықтар төмен табысқа қарамастан салыстырмалы түрде қолжетімді болып қалады», – деп атап өтті.