Қазақстанның ішкі нарығында отандық құрылыс материалдары өндірушілерінің үлесі 70%-дан асты, деп хабарлайды infohub.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде атап өткендей, биыл саланы дамытуға 202,2 млрд теңге бөлінбек. Құрылыс саласы елдің ЖІӨ-нің 6%-ын құрайды, ал бірінші жартыжылдықтағы құрылыс жұмыстарының көлемі 4,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға өсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 10,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға артты.
Сала дамуының маңызды кезеңі Құрылыс кодексінің күшіне енуі болды. Жаңа нормалар объектілерді пайдаланудың кепілдік мерзімдерін ұлғайтуды, жобалау кезінде сейсмикалық тәуекелдерді міндетті түрде есепке алуды, құрылыс ұйымдарын цифрлық бақылауды, сондай-ақ бұзушылықтарға жедел ден қоюды көздейді.
Нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз етеді. Министрлікте нақтылағандай: «Биыл 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді». Салада 380 мыңнан астам маман еңбек етеді. Құрылысшылар, сәулетшілер, жобалаушылар мен инженерлердің арқасында Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыратын ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның барлық өңірінде құрылыс құны төмендегенін, бірақ цемент бағасы 5%-ға өскенін жазған болатын.


