Қазақстанда құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілерді жұмыстан шығаруға мораторий енгізілмеген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы Дезінформациямен күрес орталығы мессенджерлерде тараған күш құрылымдарында жұмыстан босату мен кадрлық ауыстыруларға тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Орталықтың жарияланымында айтылғандай, чаттарда 2026 жылдың қарашасынан 2027 жылдың ақпанына дейін ҚР құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, сондай-ақ қарулы күштері қызметкерлерін жұмыстан босату мен кадрлық ауыстыруларға толық тыйым салынатыны туралы мәтін таратылуда.

Ақпараттың шынайылығын арттыру үшін авторлар ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сілтеме жасайды. Алайда, мамандардың айтуынша, аталған заң шынымен бар, бірақ ондай ережелер жоқ. Онда көрсетілген кезеңге жұмыстан босатуға, ауыстыруға, тағайындауға немесе өзге де кадрлық ауыстыруларға мораторий енгізу туралы нормалар жоқ.

Ақпараттың жалғандығының қосымша белгісі — таратылған мәтінде құжаттың міндетті деректемелерінің болмауы: бұйрықты шығарған мемлекеттік орган, құжаттың күні мен нөмірі, мораторий енгізілетін заңнаманың нақты нормасы, сондай-ақ тапсырма берілген лауазымды тұлға көрсетілмеген.

Осылайша, бұл жағдайда нақты нормативтік акт онда жоқ ақпаратқа шынайылық беру үшін негіз ретінде пайдаланылуда.