ОПЕК+ альянсына кіретін жеті ел, оның ішінде Қазақстан, 2026 жылдың қыркүйегінде мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті. Бұл шешім альянс қатысушыларының виртуалды кездесуінде қабылданды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі. Осылайша, Қазақстан тәулігіне 10 мың баррельге өндірісті арттыра алады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өндірісті жалпы тәулігіне 188 мың баррельге түзетуге шешім қабылдады. Бұл шара 2023 жылдың сәуірінде елдер жариялаған қосымша ерікті шектеулер аясында жүзеге асырылуда.
Ең көп ұлғайту Сауд Арабиясы мен Ресейге қарастырылған — әр ел тәулігіне 62 мың баррельге өндірісті арттыра алады. Ирак көрсеткішті 26 мың баррельге, Кувейт — 16 мыңға, Қазақстан — 10 мыңға, Алжир — 6 мыңға, Оман — 5 мың баррельге арттырады.
Түзетуден кейін өндірістің нысаналы деңгейлері: Сауд Арабиясы — тәулігіне 10,478 млн баррель; Ресей — 9,949 млн; Ирак — 4,431 млн; Кувейт — 2,676 млн; Қазақстан — 1,628 млн; Алжир — 1,007 млн; Оман — 841 мың баррельді құрайды.
ОПЕК+ өкілдері бұл шешім елдерге бұрын асыра орындалған өндіріс көлемдерін өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындауды жеделдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Еске салайық, КТК-ға жасалған шабуылдар мен теңіз терминалының жабылуынан кейін Қазақстанда мұнай өндірісі шілдедегі орташа деңгеймен салыстырғанда (тәулігіне 2,07 млн баррель) тәулігіне 1,63 млн баррельге дейін төмендеген болатын.


