Қазақстан нәресте өлімі көрсеткіші бойынша Орталық Азияда бірінші орынға шықты: әр мың тірі туылған балаға үш жағдай. Бұл туралы infohub.kz сайты республикалық Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, ел осы көрсеткіш бойынша өңірде көш бастап қана қоймай, бала өлімін азайту жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарын мерзімінен бұрын орындады.

Медициналық көмектің қолжетімділігін одан әрі арттыру үшін 16 жаңа балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық салынады.

«Нәресте өлімінің төмендеуі перинаталдық көмекті жүйелі дамытудың, заманауи технологияларды енгізудің және ана мен баланы медициналық сүйемелдеу жүйесін жетілдірудің нәтижесі болды. Бүгінде салмағы өте төмен туылған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 57%-ды құрайды. Алдағы жұмыс осы көрсеткішті арттыруға, мамандандырылған көмекті дамытуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған», — деді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Ведомство туа біткен ауруларды ерте анықтауға және жүктілікті медициналық сүйемелдеуге ерекше көңіл бөледі. «Аналар саулығы» бағдарламасы аясында 22 ұрықты қорғау орталығында бір күндік клиникалар ашылып, диагностиканың заманауи әдістері мен ұрықішілік емдеу енгізілді.

Осы шаралардың арқасында туа біткен даму ақауларын анықтау 12%-ға артып, осы себептерге байланысты нәресте өлімі 15%-ға төмендеді.

«Ана мен баланы қорғау қызметін одан әрі дамыту медициналық көмектің сапасын арттыруға, қауіптерді ерте анықтауға және Қазақстанның барлық өңірлерінде диагностика мен емдеудің заманауи әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталады», — деді ведомствода.