18 шілдеде Қазақстанның үш өңірінде – Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар (Баянауыл ұлттық паркі) облыстарында орман өрттері шықты, деп хабарлайды infohub.kz.

Өрт ошақтарын табу және сөндіруге мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының күші мен құралдары жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері қосылады.

16 шілдеде басталған «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өрті 18 шілде таңертең оқшауланды. Сөндіру барысында тікұшақтар 319 рет су шашып, өрт ошағына барлығы 709 тонна су жеткізді.

Ашық жану 17 шілдеде жойылды. Қазір құтқарушылар жекелеген түтіндеген ошақтарды жою жұмыстарын жалғастыруда.