Қазақстанның үстел теннисі бойынша құрамасы WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, әртүрлі жас санаттары бойынша жеті жүлдеге ие болды. Жарыс Өзбекстан астанасында 22 елдің спортшыларының қатысуымен өтті, деп хабарлайды infohub.kz.
Құраманың алтын медальдарын Алан Құрманғалиев (U19) пен Жания Бекмұхамбетова (U13) жеңіп алды. Күміс жүлдені Назерке Болатбек (U11) иеленді. U11 санатында қола жүлдегерлер болып Дагир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева атанды.
Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясын Данияр Әбілғазин басқарады.


