2026 жылы Қазақстандағы электр станцияларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Қаражат электр энергиясы тарифтері есебінен құралып, нысан иелеріне жіберілген. Олар ең осал тұстарды өздері анықтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жылу электр станцияларын жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың жартысынан азы орындалғанымен, үкімет жұмыстар кесте бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді. Ерекше бақылауда бес проблемалы станция: Семей, Орал және Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтаудағы №2 ЖЭО және Теміртаудағы №1 ЖЭС. Олардағы жабдықтың тозуы 52 пайызға дейін азаюы тиіс.
2026 жылы барлығы тоғыз энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта екі энергоблокты жөндеу аяқталды, тағы екеуі жөнделуде. 55 қазандықтың 13-і жөнделген, 27-сі жөнделуде. 51 турбинаның сегізінің жөндеуі аяқталды, 16-сына жөндеу жалғасуда. Кейбір нысандарда жасырын ақаулар анықталуда, бірақ кесте бұзылмаған. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеумен 500-ден астам қосалқы жабдық қамтылды.


