Таллинде (Эстония) өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға атудан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар алтын және қола медальдарды жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz.

Фатима Ирназарова 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан алтын медальға ие болды. Финалда ол украиналық Виктория Рыбовалованы жеңді.

Үшінші орынды тағы бір қазақстандық спортшы Зухра Ирназарова иеленді. Ол венгриялық Бьянка Барбара Фаркашне Кецелиден күштірек болды.