Жапонияда өткен 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы соңғы күні медальсыз қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Любовь Ковальчук сынға түсті. Ол жұлқи көтеруде 115 келі, серпіп көтеруде 152 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы 267 келі болып, спортшыға төртінші орынды әперді.

Жеңісті Қытайдан келген екі дүркін олимпиада чемпионы Ли Вэньвэнь жеңіп алды — 310 келі (140+170). Күмісті Оңтүстік Корея өкілі Пак Хе Чон иеленді — 300 келі (133+167). Үшінші орынды Катар спортшысы Уисаль Ихлеф місе тұтты — 273 келі (120+153).

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Айганым Жанболат жетінші орынға тұрақтады — 232 келі (102+130). Мұнда қытайлық У Янь жеңімпаз атанды — 273 келі (124+149). Күміс Бахрейн өкілі Алина Марущакқа бұйырды — 272 келі (124+148). Қоланы ирандық Махса Бехешти алды — 259 келі (113+146).

Осылайша, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын үш күміс медальмен аяқтады.