Қазақстан әйелдер волейбол құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында сенімді бастады. Топтық кезеңнің екінші турында қазақстандық спортшылар Австралия құрамасымен кездесіп, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды infohub.kz.
Бас бапкер Асқар Шалқыбековтің жетекшілігімен ұлттық құрама үйлесімді ойын көрсетіп, қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады. Қазақстан құрамасы сапында тағы да үздік ойыншы атанып, 20 ұпай жинаған ойыншы Татьяна Никитина өзінің жоғары деңгейін растады.
Екі турдан кейін қазақстандық волейболшылардың еншісінде үш ұпай бар. Тайланд пен Индонезия құрамалары да сонша ұпай жинап, оларға екінші турдың ойыны алда. Австралиялықтар әзірге В тобында ұпайсыз соңғы орында тұр.
Ширек финалға төрттіктің екі үздік командасы шығады. Үшінші орын алған құрама плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтайды. Топтық кезеңнің соңғы турында қазақстандық команда Тайланд құрамасымен кездеседі. Матч 25 тамызда Астана уақытымен 07:00-де өтеді.


