Отызыншы қыркүйек Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарындағы ең нәтижелі күн болды: бір күнде сегіз медаль олжаланды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ұлттық құрама үшінші күн қатарынан алтын медальсыз қалды. Бұл жалпы есепте тағы бір орынды жоғалтуға әкелді: Қазақстан құрамасы Үндістанға жол беріп, тоғызыншы орынға түсті. Алайда медальдардың жалпы саны бойынша ұлттық құрама бесінші орында тұр.
Сәрсенбіде дзюдошылар Елдос Сметов (60 келіге дейін) мен Әбиба Әбужакынова (48 келіге дейін) күміс жүлде алды. Гребной слаломда байдаркашы Александр Коробов пен каноэші Анастасия Ананьева қола медальға қол жеткізді.
Үш қазақстандық бокс жартылай финалында жеңіліс тапты. Соның салдарынан Алуа Балкибекова (51 келіге дейін), Наталья Богданова (75 келіге дейін) және Махмуд Сабырхан (55 келіге дейін) қола медаль иеленді. Ал боксшылар арасынан сәрсенбіде финалға Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) шықты — ол кемінде күміс алады.
Ал күрестен Қазақстан құрамасына алғашқы медальді грек-рим стилінің өкілі Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) әкелді.
Жалпы есепте айтарлықтай айырмамен Қытай құрамасы көш бастап тұр. Одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея келеді, ал Өзбекстан төртінші орынды берік ұстап отыр.


