Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпы медаль есебінде үш орынға төмендеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ұлттық құрама екінші күн қатарынан алтын медальға қол жеткізе алмады. Осының салдарынан ол бесінші орыннан сегізінші орынға сырғыды. Қазақстан құрамасын Таиланд, Бахрейн және Иран басып озды.
Сейсенбіде биіктікке секіруден Кристина Овчинникова күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынына кураш күресінен Арайлым Шегенова (87 келіден жоғары салмақ дәрежесі) және «трап» дисциплинасы бойынша стендтік ату командасы — Әлішер Айсалбаев, Даниил және Марк Почиваловтар қола медаль салды.
Бокстан Қазақстан құрамасына кемінде бір медальды Айбек Оралбай кепілдендірді. Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға шықты. Қазақстандықтар қатысатын қалған жартылай финалдық жекпе-жектер 30 қыркүйекке жоспарланған.
Сонымен қатар сәрсенбіде ұлттық құрама велотректе командалық қуалау жарысында қола үшін күресетін болады. Бұл дисциплинада ел намысын Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Рамис Дінмұхаметов және Дмитрий Носков қорғайды.


