21 шілдеде Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды: солтүстік-батыс циклон елдің басым бөлігіне найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ, құйын және шаңды дауыл алып келеді. Республика бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды infohub.kz.
Солтүстікте, орталықта және оңтүстікте найзағайлы қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Жел барлық жерде дерлік күшейеді, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік облыстарда кей жерлерде тұман күтіледі.
Сонымен қатар, ыстық басылмайды. Атырау облысында және Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде ауа +35°C-қа дейін жылынады. Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында +35…+38°C, Жетісу облысында +39°C-қа дейін, Маңғыстау облысында +38°C-қа дейін болжанады. Ең жоғары температура Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен Абай облысында күтіледі – +41°C-қа дейін.
Синоптиктер бірнеше өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше екенін ескертеді. Ең күрделі жағдай Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау және Абай облыстарының жекелеген аудандарында күтіледі.
Ең қатты жауын-шашын Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында болжанады. Мұнда қатты нөсер, бұршақ, құйын және желдің екпіні 23–28 м/с жетеді.
Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Жезқазған, Тараз, Шымкент және басқа қалаларда да найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде бұршақ және желдің күшеюі күтіледі.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ауа райы қарама-қайшы болады: Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ыстықпен қатар қатты жел мен шаңды дауыл болжанады.
Бұған дейін «Қазгидромет» алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлаған.


