Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы Исламабадта өтіп жатқан 2026 жылғы Орталық Азия чемпионатында (CAVA) алғаш рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Пәкістанда өтіп жатқан жарыстың екінші турында Сергей Трикоз жаттықтыратын команда Өзбекстан құрамасымен кездесті. Ойын бес сетке созылып, қазақстандықтар 2:3 (25:19, 22:25, 29:27, 24:26, 14:16) есебімен жеңілді.
Бұл ұлттық құраманың турнирдегі алғашқы жеңілісі. Алғашқы матчта қазақстандықтар сол есеппен Непал құрамасын жеңген болатын.
Келесі кездесуде ұлттық құрама 24 шілдеде Бангладеш волейболшыларымен ойнайды. Орталық Азия чемпионатына барлығы алты команда қатысады: оның ішінде Пәкістан мен Шри-Ланка да бар. Барлық командалар бір-бірімен бір реттен ойнайды. Айналымдық турнир қорытындысы бойынша чемпион мен жүлдегерлер анықталады.


