Екатеринбургтен Ресейге, өз еліне қарай көлікпен келе жатқан Қырғызстан азаматы Қазақстан аумағында жүргенде ақшасы мен құжаттары салынған әмиянынан айырылды. Жоғалған затты екі елдің тәртіп сақшылары қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 қазанда болған. Ер адам ұрлықтан бейхабар болған, әрі заттың дәл қай жерде жоғалғанын да атай алмаған: ол тек Ақмола мен Қарағанды облыстарының аралығындағы учаскеде болғанын білген.

Қарағанды облысының аумағында жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлеріне көмек сұрап жүгінген. Содан кейін ол жоғалған заттың қайтарылатынына әрең сеніп, Қырғызстанға қарай жолын жалғастырған. Алайда заттар табылды.

Әмиян табылған соң Қырғызстанның автомобиль іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері Ақмола облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Ілияс Шаймерденовпен байланысқан. Оның жәрдемімен қарағандылық әріптестерімен бірлесіп, жоғалған затты иесіне қайтаруды ұйымдастыруға мүмкіндік туды.

Сөйтіп, екі ел полицейлерінің кәсіби ынтымақтастығы мен өзара көмегінің арқасында ақшасы мен құжаттары толық салынған әмиян заңды иесіне қайтарылды.